Ықтималдық логика

lat: Yqtımaldyq logıka

Ықтимал жеке пікірлердің қасиеті ретінде ( мұнда ықтимал ақиқат пен жалғандық арасындағы аралық мән ретінде алынады) немесе кәдімгі мәні қосарланған пікірлерге баға ретінде қаралуына қарамастан обьектісі ықтимал пікірлер болып табылатын логика. Ықтималдық логиканың ықтималдық теориясынан өзгешелігі мұнда ықтималдықтың нақты сан болып белгіленуі басты нәрсе емес. Бұл тұрғыда құрылған логикалық ақпарат болжамдарды дәлірек бағалау үшін шындыққа қатыстылық жолымен емес, біздің біліміміз білдіретін басқа пікірлер арқылы қолданылады. Мысалы «ертең жаңбыр жауады» деген болжамның сәйкес келу –келмеуіне байланысты ауа –райы деректері ықтималдылығының не жоғары ,не төмен дәрежелі екендігі туралы айтуға болады. Демек болжамның ықтималдық дәрежесі екі аргумент функциясын-болжамның өзін және білімділікті білдіреді. Өзін құрайтын пікірлер ықтималдылығы белгілі кездегі күрделі тұжырымдар ықтималдылығын есептеп шығару. Ықтималдық логиканың барлық жүйесінде ықтималдылықты математикалық жолмен есептеу тәртібімен жүргізіледі. Қазіргі кезде ықтималдық логика аппаратты индуктивтік логикада көбірек қолданылады. Ықтималдық логика туралы пікірлер Аристотельмен ежелгі скентицизм өкілдерінде кездеседі, ол туралы алғашқы байыпты идеяларды Лейбниц айтты. Ықтималдық логиканың ықтималдық теориясынан бөлінуі 19 ғасырдың ортасынан басталады. Дегенмен қазіргі кезде де тармақтары ықтималдықтар теориясы мен ықтималдық логика болатын ықтималдар туралы ілімді біртұтас ғылым түрінде қарастыруға баса назар аударылуда.